Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процесі онлайн көрсетіледі

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, судебный процесс, зачитывание приговора, судебная система, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2025 13:17 Фото: Zakon.kz
ҚР Жоғарғы Соты республика соттарының сот отырыстарын тікелей эфирде өткізу тәжірибесін жалғастырады. Бүгін, 2025 жылдың 10 сәуірінде сағат 12:00-де Шерзат Полаттың өлімі туралы іс бойынша алдын ала тыңдау басталды.

Сот отырысына қатысушылардың пікірлерін ескере отырып, сот бұл іс бойынша сот талқылауын ашық режимде өткізу туралы шешім қабылдады.

"Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналында көруге болады", – деп жазылған ресми хабарламада.

Іс Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мемлекеттік тілде қаралатын болады.

2024 жылдың 4 қазанында Талғарда жаппай төбелес болып, оның барысында 16 жастағы жасөспірім Шерзат Полат пышақ жарақатынан қайтыс болды. Қоғамдық резонанс тудырған жасөспірімді өлтіру фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің бес бабы бойынша тергеу жүргізіліп, 11 күдікті қамауға алынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: