Қазақстандық үш гимнаст Хорватияда өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты

Осиек қаласында (Хорватия) көркем гимнастикадан әлем кубогының кезеңі басталды. Бірінші күнгі іріктеу қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының үш өкілі финалға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нариман Құрбанов ат үстіндегі жаттығуда 14,566 ұпай жинап, іріктеу кезеңін бірінші нәтижемен аяқтады. Дәл осы жарыста Зейнолла Ыдырысов 14,300 ұпаймен алтыншы орынға тұрақтады. Ол да іріктеуден өтті.
Милад Карими де Әлем кубогі кезеңі медалін сарапқа салады. Еркін жаттығуда гимнаст іріктеуде екінші орын алды – 13,866.
Айта кетейік, 11 сәуірде Карими кермедегі жаттығу, ал Асан Сәлімов тіреуішпен секіру бойынша финалға жолдама алу үшін күреседі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript