Астана мен Алматы әуежайлары Орталық Азия мен ТМД-ның ең үздік әуежайлары атанды

Астана мен Алматы әуежайлары Skytrax World Airport Awards 2025 нұсқасы бойынша Орталық Азия мен ТМД елдерінің ең үздік әуежайлары атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы халықаралық әуежайы Орталық Азия мен ТМД-ның ең үздік аймақтық әуежайы ретінде танылса, 2-терминал әлемдегі ең үздік жаңа терминал атағына ие болды.
Өз кезегінде, Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайы Орталық Азия мен ТМД әуежайлары арасында "Ең үздік қызметкерлер" номинациясын иеленді.
Skytrax World Airport Awards сыйлығы авиация саласындағы халықаралық сапа эталоны болып саналады. Бұл сыйлық жолаушылардың тәуелсіз сауалнамаларына негізделген. Жеңімпаздарды таңдауда келесі негізгі көрсеткіштер ескеріледі:
- жолаушыларға қолайлылық;
- қызмет көрсету сапасы, инфрақұрылым деңгейі және инновациялардың енгізілуі.
Бұған дейін ханзада Гарридің Украинаға жасырын түрде барып қайтқандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript