Павлодарлық полицейлер ауыл тұрғынының үйіне тінту жүргізді: себебі белгілі болды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2025 13:43 Фото: Zakon.kz
Павлодарлық полицейлер ауыл тұрғынының өз үйінде қарасора өсіргенін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, Аққулы ауданының 46 жастағы тұрғыны заңсыз түрде жабайы қарасора өсіруді ұйымдастырған.

"Тұрғылықты жерін тінту барысында бөлмеде өсіру белгілері бар қарасора бұталары табылды. Ер адам қарасора өсіргенін, содан кейін алынған егіннен жеке пайдалануға арналған есірткі жасағанын түсіндірді",- делінген ақпаратта. 

Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, заңсыз айналымнан алынған каннабис тектес өсімдіктердің жалпы салмағы 3 келіден асты.

"Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр",- деп мәлімдеді ведомство. 

Бұған дейін елордада әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасаған күдікті ұсталғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: