Сақ болыңыз: алаяқтар кеңінен қолданатын әдістер қандай

Хакеры, программисты, кибербезопасность, мошенничество, мошенники, защита данных, взлом данных, личные данные, персональные данные, защита персональных данных, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2025 10:13 Фото: pixabay
Жетісу облысы ПД киберқылмысқа қарсы қарсы іс-қимыл басқармасы өңір тұрғындары мен қонақтарын интернет алаяқтықтың жиілеп кеткен жағдайлары туралы ескертеді.

Қаскөйлер адамдардың сеніміне кіріп, мемлекеттік органдар мен банк қызметкерлері болып жалған танысу арқылы түрлі әдістермен алдайды.

Кең таралған алаяқтық схемалары:

• Байланыс операторы атынан: Алаяқтар қоңырау шалып, SIM-картаның жарамдылық мерзімі аяқталуға жақын екенін айтып, SMS арқылы келген 4 таңбалы кодты айтуыңызды сұрайды. Осы арқылы олар сіздің жеке деректеріңізге қол жеткізіп, атыңызға несие рәсімдейді. Кейде өздерін мемлекеттік орган қызметкері ретінде таныстырып – "алаяқтықтың алдын алу үшін" деп қайта хабарласады.

Ескеріңіз: Мемлекеттік органдардың қызметкерлері мұндай мәселелерді телефон арқылы шешпейді — сізді тек жақын маңдағы бөлімшеге шақырады.

• Банк қызметкері болып қоңырау шалу: "Банк қауіпсіздік қызметі" атынан қоңырау шалып, шотыңыздан күмәнді операциялар жүргізіліп жатқанын айтады. Ақшаңызды "қорғау" үшін оларды резервтік шотқа аударуды ұсынады және карта деректерін талап етеді.

Есіңізде болсын: ешқашан SMS-кодтар мен банк картасының мәліметтерін ешкімге айтпаңыз.

• Интернеттегі жалған хабарландырулар: Алаяқтар танымал платформаларда (Колёса, OLX, Instagram) төмен бағамен жалған тауар жарнамаларын жариялап, сізден алдын ала төлем жасауды сұрайды.

• WhatsApp аккаунттарын бұзу: Алаяқтар сіздің танысыңыздың аккаунтын бұзып, олардың атынан ақша сұрайды. Адамдар досы немесе туысы деп ойлап, алаяқтарға ақша аударады.

Мұндай жағдайда әрқашан хабарласқан адамға жеке қоңырау шалып, ақпаратты нақтылап алыңыз.

Өзіңізді қалай қорғай аласыз:

• Жеке деректеріңіз бен банк карталарының фотосуреттерін бөгде адамдарға бермеңіз; • Онлайн саудада алдын ала төлем жасауға келіспеңіз;

• Белгісіз шоттарға немесе әмияндарға ақша аудармаңыз;

• Тіпті танысыңыз сұраса да, күмәнді шоттарға ақша жібермес бұрын жеке байланысқа шығыңыз;

• Алаяқтық белгілері байқалған сәтте бірден 102 нөміріне хабарласыңыз.

Сіздің мұқияттылығыңыз — қылмыскерлерден қорғанудың басты кепілі. Сақ болыңыз және жақындарыңызды ескертіңіз!

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: