Астанадағы бір көше 20 тамызға дейін толығымен жабылды

Астанадағы бір көше 20 тамызға дейін толығымен жабылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2025 21:19 Сурет: Zakon.kz
Астананың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қ. Қайсенов көшесінің құрылысы бойынша жұмыстардың басталғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты, 2025 жылғы 20 сәуір мен 20 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаске бойынша қозғалыс толығымен жабылады.

"Бұл ретте қозғалыс баламалы көшелер мен орамішілік өткелдер бойынша ұйымдастырылатын болады.Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз", - делінген хабарламада.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.

"Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз". Астана әкімдігі

Сонымен қатар М. Дулатов көшесінен Оқжетпес көшесіне дейінгі учаскеде Қарталы көшесінің орташа жөндеу бойынша жұмыстары басталды. Осыған байланысты 18 бен 25 сәуір аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: