Астанадағы аудандардың біріне жаңа әкім тағайындалды

Астанада Сарыарқа ауданының әкімі жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жайлы бүгін, 2025 жылғы 18 сәуірде елорда әкімдігі мәлімдеді.
"Астанада ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша меритократия қағидатына сәйкес, Сарыарқа ауданының әкімі тағайындалды. Бұл лауазымға "Астана қаласы әкімінің аппараты" ММ басшысының экс-орынбасары Жанасыл Шаукентаев кірісті",- делінген ақпаратта.
Жанасыл Шаукентаев 2014 жылдың қараша айынан бастап Астана қаласының әкімдігінде түрлі лауазымдарды атқарды: қаланың Жер қатынастары басқармасы, қала әкімінің аппараты, қаланың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы және т.б.
Соңғы жылдары "Астана қаласы әкімінің аппараты" ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы, "Астана қаласы әкімінің аппараты" ММ басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.
Бұған дейін мемлекет басшысының ҚХА төрағасының екі орынбасарын жаңадан тағайындағаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript