22 сәуірде еліміздің бірқатар өңірінде қар жауып, үсік жүретіні болжанады

Қар, 22 сәуір, ауа райы болжамы, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2025 18:57 Сурет: unsplash
Синоптиктер 2025 жылы 22 сәуір, алдағы сейсенбіде елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

 "Қазгидромет" РМК деректері бойынша, түнде шығыс өңірде, Алматы облысының тау бөктеріндегі аудандарында топырақ беті қатып, сынап бағаны 1°С аязды көрсетеді деп күтіледі.

"Солтүстік-батыс және оңтүстік циклондармен байланысты жылжыған фронтальды бөліктер Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын анықтайды: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің шығысында түнгі уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Республикамыз бойынша жел күшейеді деп күтіледі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады, солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс өңірлердің таулы аймақтарында түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман болады", – деп болжануда.

Гидрологиялық болжамда алдағы үш тәулікте республикамыздың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы өзендерде судың кенерінен асуы байқалатыны айтылады.


"Есіл өзенінде (Ақмола облысы және СҚО) су деңгейінің көтерілуі байқалады", – дейді синоптиктер.

Бұған дейін Қазақстанға ең көп туристер қай елдерден келетіні белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: