Астанада жылу беру маусымы аяқталды

Астанада дүйсенбіден бастап тұрғын үйлерге жылу беру үзілді. Бүгін, 2025 жылдың 22 сәуірінде жылу беру маусымының аяқталатыны туралы ақпаратты елорда әкімдігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Тиісті құжатқа қала әкімі Жеңіс Қасымбек қол қойды.
"Астанада 2024-2025 жылдардағы жылу беру маусымы 2025 жылдың 21 сәуірінен бастап аяқталсын", – делінген құжатта.
Бұған дейін Астана әкімдігі жылу беру маусымын аяқтау туралы шешімді "сырттағы ауаның орташа тәуліктік температурасы күнтізбелік бес күн ішінде плюс 10 градус немесе одан жоғары деңгейде сақталса" қабылданатынын түсіндірді.
Айта кетейік, Астанада жылыту маусымы 2024 жылдың 24 қыркүйегінде басталды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript