Израиль тұрғындары шеруге шығып, Газадағы соғысты тоқтатуды талап етті

Израиль тұрғындары шеруге шығып, Газадағы соғысты тоқтатуды талап етті, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2025 14:40 Сурет: pixabay
Израиль тұрғындары шеруге шығып, үкіметтен Газадағы соғысты тоқтатып, "Хамастың" кепілдігіндегі адамдарды босатуды талап етті.

Қарсылық акциясы ел астанасы Тель-Авивте өтті. Оған қатысушылар беттеріне, денелеріне қызыл бояу жағып, тұтқындағылардың азабын көрсетуге тырысқан.

Демонстранттардың арасында бұрынғы сарбаздар да бар. 2023 жылы қазанның 7-де "хамастықтар" Израильдің оңтүстігінде 250-дей адамды кепілдікке алып, Газаға әкетті, деп жазады qazaqstan.tv.

Солардың 59-ы әлі күнге дейін қайтарылмаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: