"Құмар Ақсақалов" өзіне қауіп төніп тұрғаны жайлы мәлімдеді: әкімдік жағдайға түсініктеме берді

"Құмар Ақсақалов" өзіне қауіп төніп тұрғаны жайлы мәлімдеді: әкімдік жағдайға түсініктеме берді , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2025 16:01 Сурет: Zakon.kz
Мессенджерлерде Қостанай облысының әкімі бейнеленген жалған видео таратылуда. Онда облыс әкіміне қауіп төніп тұрғаны жөнінде айтылған-мыс, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдік ақпаратына сүйенсек, аталған видео жасанды интеллект көмегімен жасалған.

"Бұл жалған ақпаратты тарату фактісі бойынша Қостанай облысы әкімдігі құқық қорғау органдарына ресми түрде өтініш жолдады. Зиянкестер анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады". Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, әкімдік азаматтарды жалған ақпарат таратқаны үшін заң алдында жауап беретінін ескертті және ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеруге шақырды.

Бұған дейін СҚО әкімінің жасанды интеллект көмегімен жасалған жалған сұхбаты тараған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: