Ақша бопсалау, тамақ тартып алу, зорлық-зомбылық: Алматы облысындағы мектептерді тексерудің қорытындысы

Дети, буллинг, травля, задирание, жертва буллинга, школьный буллинг, издевательство, травля ребенка, травля детей, буллинг среди учеников, буллинг среди детей, буллинг среди подростков , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2025 16:31 Фото: pexels
ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Алматы облысындағы мектептердегі қатыгездік мәселесін көтеріп, оқушылар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелерімен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, тексеріс Мемлекет басшысы тапсырмасының аясында Алматы облысының 7 ауданындағы мектептер арасында жүргізілген.

"Өкінішке қарай, Алматы облысы Іле ауданында оқушының басқа балаларға қатысты жасаған зорлық-зомбылығы – бұл облыс мектептеріндегі үлкен жүйелі проблеманың бір көрінісі. Облыс оқушыларының арасында анонимді сауалнама жүргіздік, сондай-ақ олардың анкеталарын зерттедік. Нәтижелері бізді селт еткізді",- деп жазды ол.

Ары қарай ол бірнеше мысалдар келтірді.

"Қарасай, Балқаш, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ аудандарының мектептерінде балалар ақша бопсалау, тамақ тартып алу, буллинг, зорлық-зомбылық, сонымен қатар мұғалімдер тарапынан, дене шынықтыру және алгебра пәні мұғалімдерінің тиіспе әрекеттері туралы жазған. Еңбекшіқазақ ауданында екі бала мұғалімдердің күш қолдануынан кейін ауруханаға түскен. Сондай-ақ Жамбыл ауданының бір мектебінде балалар келесі қорқынышты көріністі сипаттаған. Кіші сынып оқушылары жоғары сынып оқушыларын көргенде қолдарын ақша беру үшін бірден қалталарына салады екен, әйтпесе оларға күш қолданылады дейді. Балалар бесінші сынып оқушысын топ болып ұру, насыбай қолдану (ол кейде жерде жатады деп жазған) туралы да жазған". Динара Закиева

Сонымен қатар, Закиеваның ақпаратынша, олар оқушыларға қатысты кибербуллингті жариялайтын анонимді Instagram-арна туралы хабарлап, бұл туралы мұғалімдерге айтқандарына қарамастан, ешқандай көмек алмаған.

"Одан бөлек, балалар күзде кемінде 50 оқушы қатысқан жаппай төбелес болғанын айтты, бірақ мектеп бұл фактіні жоққа шығарып отыр, ал полиция мұндай ақпаратқа ие емес екен". Динара Закиева

Бұған дейін үш жасар бала анасын іздеп жалаңаяқ үш шақырым жерді жүріп өткендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: