Үш жасар бала анасын іздеп жалаңаяқ үш шақырым жерді жүріп өткен

Түркістан облысында полиция мен тұрғын қараусыз жүрген бүлдіршінді ата-анасына табыстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2025 15:47 Сурет: pixabay
Түркістан облысында полиция мен тұрғын қараусыз жүрген бүлдіршінді ата-анасына табыстады.

Таңғы сағат 07:10 шамасында Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, Леңгір қаласы көшелерінің бірінде жеңіл киінген, аяқ-киімсіз кішкентай ұл бала жүргенін айтты.

Аталған жайт полицияға тіркеліп, аумақтағы барлық учаскелік полиция инспекторларына бағдар берілді. Баланың ата-анасын іздеу жұмыстары жан-жақты жүргізілді.

Нәтижесінде өзінің ұлын іздеп жүрген әйел анықталып, полицияға жеткізілді. Анықталғандай, таңғы сағат 06:00 шамасында анасы әдеттегідей жұмысқа шығып кеткен.

Үйдегілерден ерте оянған 3 жасар бала ашық тұрған есіктен далаға шыққан. Содан анасын іздеп, шамамен 3 шақырым қашықтыққа дейін кетіп қалған.

Ал қараусыз жүрген баланы тауып алған Нұрбек Арапбаев бұл жағдайға бей-жай қарамай, бірден әрекет етіп, баланы қауіпсіз жерге жеткізді.

Баласымен қауышқан ана оның амандығы жолында қолынан келгенін жасаған барлық азаматқа алғысын білдірді. Жалғыз жүрген баланың жанынан өтіп кетпеген азаматтық оң ұстанымы үшін Нұрбекке полиция басшысы Ғалымжан Қуашбаев алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: