Қызылордалық азамат әйелін түскі ас әзірлемегені үшін еден жуғышпен сабаған, алайда іс жабылды

Қызылордалық азамат әйелін түскі ас әзірлемегені үшін еден жуғышпен сабаған, алайда іс жабылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2025 14:20 Сурет: pixabay
Қызылорда облысында түскі ас әзірлемегені үшін әйеліне еден жуғыш ала жүгірген айыпталушының ісі қаралды. Дегенмен, тараптардың татуласуын байланысты айыпталушы жазасыз қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, сотталушы 2025 жылдың 23 ақпанында әйелінің түскі ас дайындамағаны үшін, ашуға булығып, еден жууға арналған ағаш сүрткішпен (швабра) жәбірленушінің оң және сол қолдарынан бірнеше мәрте қатты соққы жасап ұрып, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген.

Сараптама қорытындысына сай, жәбірленушінің денсаулығына "жеңіл" дәрежелі зиян келгені бекітілген.

Сот айыпталушының кінәсін толықтай мойындағанын және жәбірленушінің кешірім бергенін, өзара татуласқанын атап өтті. Бұл ретте, сотталушы істеген әрекетіне шын жүректен өкінетінін ескеріп, қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұрады.

Осылайша:

"Шиелі аудандық сотының қаулысымен сотталушы Е.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 68-бабы 1-бөлігінің талабына сәйкес, жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, іс өндірістен тоқтатылған". Шиелі аудандық соты

Бұған дейін Шымкентте пәтер иесінің жалға беру барысында қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны үшін сотталғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: