Қостанай облысында жөнделген жол жарамсыз күйге түсті

Қостанай облысының Меңдіқара ауданында төрт жыл бұрын жөнделген жолдың тоз-тозы шығып жатыр. Жергілікті тұрғындар оны қиыршықтас пен асфальт тасыған ауыр жүк көліктері бүлдіргенін айтып отыр. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.
Меңдіқара ауданының орталығы Боровской кентінен Ұзынағаш ауылына дейінгі облыстық маңыздағы күрежолдың 27 шақырымы төрт жыл бұрын тақтайдай тегістеліп, жөнделген болатын. Ал енді қазіргі күйі ойдым-ойдым, әр жері шұрық-тесік.
"Бұдан бөлек, осы жол учаскесінде Қасқат ауылына дейінгі бұрылыс жолдың да әбден тозығы жеткен. Екі жылдың ішінде соны толық жөндеп шығу көзделіп отыр. Қарамай, Шиелі ауылдары арқылы өтетін 24 шақырым бұл жолдың бойында көктемде көп су жиналады. Сондықтан қосымша су өткізгіш құбырлар салуды қажет етеді. Содан кейін барып қана бергі бөлікті бастан-аяқ қалпына келтіреміз". Арман Хасенов, Меңдіқара аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы
Арман Хасеновтың "24kz" телеарнасының мәліметінше, бұл жолдың топырақ қабаты ауыр салмақты жүк көліктеріне есептелмеген. Бірақ соны қанша айтсақ та, бақылаушы өкілетті орган анықтап, тіркеген жоқ деп отыр. Сондықтан мердігерге кінә арту қиын. Ал ресми мәлімет бойынша аудандағы көлік жолдарының 90% қанағаттанарлық жағдайда.
Бұған дейін Қазақстандағы пойыздарда нені тасымалдауға тыйым салынатындығын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript