Шымкенттіктердің жылу үшін қарызы 800 млн теңгеден асып түсті

"24kz" телеарнасының дерегінше, тұрғындардың берешегі айлап, енді бірінікі жылдап жиналған. Бұл ретте, тұтынушылардан бөлек, "Қуатжылуорталық-3" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының өзі де қарызға белшесінен батқан.
"Негізсіз табыс 2,8 миллиард теңгені құрады. Яғни, олар әкімдіктен жылу мен электр энергиясын төлеуге қаржы алып, сонымен қатар бұл соманы халықтан тариф арқылы қайта жинаған. Бұл әрекетті монополияға қарсы орган негізсіз табыс деп таныды", – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті басшысының бірінші орынбасары Алексей Колосков.
Алайда, "Қуатжылуорталық-3" бұл шешіммен келіспей, сотқа жүгінді. Барлық сот инстанцияларынан өткен іс ақыры 2024 жылдың ақпанында Жоғарғы соттың шешімімен тұтынушылардың пайдасына шешілді. Соған қарамастан, кәсіпорын төмендетілген тарифті енгізбеді.
Уақытылы шараларды орындамағаны үшін департамент айыппұл салуды талап етті. Заң бойынша бұл айыппұл негізсіз табыстың 10%-ын құрайды. Қазіргі уақытта коммуналдық кәсіпорын сотта хаттамаға қарсылық танытуда.
Сот процестері жүріп жатқанда, қалада жаңа жылыту маусымына дайындық басталды. Биыл бюджеттен жылу жүйелерін ауыстыруға 1 миллиард 900 миллион теңге бөлу жоспарлануда. Бұл қаражат 33 км құбырды жаңартуға жеткілікті болады.
Тарифтерді реттеу басқармасының басшысы сот шешімінің компенсаторлық тариф енгізу туралы міндетті түрде орындалуы керек екенін еске салды. Ал Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте қала тұрғындары келесі жылыту маусымында төмен тариф төлейтінін қосты.
Бұған дейін Қостанай облысында жөнделген жол жарамсыз күйге түскендігі хабарланған болатын.