Ұлы Отан соғысы кезіндегі ержүрек десантшы Жеңіс күніне қалай дайындалуда

Ұлы Отан соғысы кезіндегі ержүрек десантшы Жеңіс күніне қалай дайындалуда, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2025 16:26 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Виктор Изюмников қаршадайынан соғысқа аттанып, майдан шебінде ғана емес, бейбіт өмірде де биік белестерді бағындырған тұлға. Оның өмір жолы жайлы толығырақ Zakon.kz ақпаратынан оқи аласыз.

Виктор Изюмников 1924 жылы Ресейде, Орал облысының Зеленов ауданында, Чернояров фермасында дүниеге келген. Оның ата-анасы Клавдия Зиновьевна мен Карп Варфоломеевичтің төрт ұлы мен бір қызы болған. Отағасы әр ұлын нағыз батыр етіп тәрбиелеген. Ұлдарына жылқы баптау, балық пен аң аулауды үйретіп қана қоймай, оларды төзімділікке, батырлыққа, жігіттікке баулыған. Ал Клавдия Зиновьевна тәртіп пен тазалықтың үлгісі болды.

Ұлы Отан соғысының басында Изюмниковтың әкесін майданға шақырған, мұнымен қоса батырдың үлкен ағасы Георгий де әкесімен бірге аттанады.

1942 жылы тамызда Виктордың өзі Переметнин орта мектебін бітіріп, он сегізге толмағанына қарамастан, әскерге шақыру қағазын алды.

Көп ұзамай майдангердің інісі Николай да жау шебіне аттанады. Бұл уақытта фермада Клавдия Зиновьевна мен үйдің кенжелері Павлик пен Раиса қалады.

"Әрине, анамның жүрегі ауырды. Ол әрқашан біз үшін, ұлдары үшін, рухани тірек болды. Біз оны қатты жақсы көрдік". Виктор Изюмников

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Алдымен ол Ленинград әскери байланыс училищесіне жіберілді, бұл кезде эвакуациядағы білім ордасы Оралда (Қазақстан) орналасқан. Ол 1943 жылы маусымда оқуды тәмамдап, әуе-десанттық әскерлерге жіберілді.

Соғыс Виктор Карпович үшін Мәскеу облысындағы Ступино қаласында орналасқан 17-ші әуе-десанттық гвардиялық бригададан басталды. Әскери архивтерде бұл бригада 106-шы атқыштар дивизиясының 355-ші гвардиялық атқыштар полкіне айналып, Будапештке жіберілгені туралы жазба сақталған.

Ол Венгрия мен Австриядағы шайқастарға қатысып, Қызыл армияның Вена мен Чехословакия шекарасындағы Зноймо қаласын алу операцияларында да алдыңғы шепте болады.

Изюмников Жеңісті осы жерде қарсы алады. Сол уақытта ол аға сержант шенінде және радиостанция бастығы қызметінде еді. Батыр Отан соғысы ІІ дәрежелі орденімен, "Әскери ерліктері үшін" медалімен және басқа да марапаттармен мадақталды.

Осылайша, Виктор Карпович 1947 жылдың наурыз айында әскерден босатылды.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

"Әкем үйге соғыстан аман оралды. Маған дейін және менен кейін кеткен аға-бауырларым майдан шебінде көз жұмды. Георгий 1944 жылы Шығыс Пруссияда қайтыс болды. Николайды 1946 жылы Украинаның сол кездегі Дрогобич облысында қарақшылар атып өлтірді".

Виктор Изюмников екі рет Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды, сондай-ақ Қазақстан КП Орталық Комитетінің мүшесі болды. 1971 жылы оны Қазақстанның Министрлер Кеңесінің істер басқарушысы қызметіне шақырды. Алдымен ауылшаруашылығы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалып, кейінірек үкіметтің істер басқарушысының орынбасары болып тағайындалды. Ол республиканың агроөнеркәсіп кешеніне жауапты болды.

Өзінің еңбек жолын адал атқарған Виктор Изюмников көптеген наградалармен марапатталды. Ол – Қазақстанның еңбек сіңірген агрономы, Октябрь революциясы орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен, "Құрмет" орденімен, "Знак Почета" орденімен, бірнеше мәрте Мемлекеттік сыйлықтармен және он медальмен марапатталған.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

"Біздің президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстанды құрмақ. Бұл тапсырманың орындалуы көбіне жастарға байланысты. Ең бастысы – бейбітшілік пен бірлікті сақтау, сонда бізге табыс серік болады", – деп атап өтті Виктор Изюмников.

Бұған дейін Қазақстанға ҰОС сарбазының сүйегі жеткізілгендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: