Қазақстандық десантшылар салтанатты әскери шеруге дайындалуда

Қазақстандық десантшылар Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге дайындалуда. Қорғаныс министрлігі осы дайындық барысынан видео үзінділер жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Жедел ден қою ұжымдық күштерінің құрамына кіретін және тұрақты жауынгерлік әзірліктегі әскери құрамасы – Десанттық-шабуылдау әскерлерінің Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Иван Панфилов атындағы 37-ші десанттық-шабуылдау бригадасының есептобы Жеңіс парадына Қазақстан армиясының атынан қатысады", делінген құзырлы ведомство хабарламасында.
Бұған дейін Астанада 7 мамырда сағат 11:00-де Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ауқымды әскери шеру өтетінін хабарлағанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript