Вьетнам Қызылорда облысындағы әуежай қызметін жақсартуға мүдделі

Әуежай жұмысын жақсарту мақсатында әуежайды белгілі бір мерзімге вьетнамдық тарапқа беру жоспарланып отырғанын түсіндірді.  SOVICO Group вьетнамдық компаниясы қазақстандық әуежайды сатып алып, басқаруды қарастырып жатқаны бұған дейін хабарланған болатын., сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2025 14:01 Сурет: primeminister.kz
2025 жылдың 8 мамырында Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Сенат отырысында Вьетнамның Қызылорда облысындағы әуежайға неліктен қызығушылық танытқаны туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлібек Бақаев әуежай стратегиялық нысан болғандықтан, оны сатып алу мәселесі талқыланбағанын атап өтті.

"Біз озық технологиялар мен компанияларды тартамыз, олар бізге қызметтерді, соның ішінде әуежайларды жақсартуға технологиялық және әкімшілік тұрғыдан көмектесе алады. Қазірдің өзінде Вьетнам тарапымен келіссөздер жүргізілуде", – деді Әлібек Бақаев.

Әуежай жұмысын жақсарту мақсатында әуежайды белгілі бір мерзімге вьетнамдық тарапқа беру жоспарланып отырғанын түсіндірді.

SOVICO Group вьетнамдық компаниясы қазақстандық әуежайды сатып алып, басқаруды қарастырып жатқаны бұған дейін хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: