Сенат Нахичеван келісіміне енгізілген түзетулерді ратификациялады

Сенат Парламента РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2025 14:21 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Сенат депутаттары 2025 жылғы 8 мамырдағы жалпы отырыста Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахичеван келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

2022 жылдың 11 қарашасында Самарқандта мемлекет басшылары қол қойған хаттаманың мақсаты Нахичеван келісіміне тиісті өзгерістер енгізу болып табылады.

Хаттамамен енгізілген түзетулер хатшылықтың құжаттарын бекіту функцияларын Сыртқы істер министрлері кеңесіне, ал оларды түпкілікті қабылдау функцияларын Мемлекет басшылары кеңесіне жүктейді.

Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік ассамблеясы мен Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы туыс ұйымдар ретінде, ал Түркі академиясы мен Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры еншілес ұйымдар ретінде айқындалды.

Сонымен қатар, түркітілдес мемлекеттердің ақсақалдар кеңесі туралы ереже "бекітілетін (қабылданатын)" емес, сыртқы істер министрлерінің кеңесімен "бекітілетін" болады. Сонымен бірге халықаралық форумдар ұйымның мониторингтік серіктестері ретінде Нахчыван келісімінен шығарылды.

Бұған дейін Парламент Мәжілісінің депутаттары бұл хаттаманы ратификациялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: