Қарағандылық жасөспірім өгей әкесі зорлағанын айтып шағым түсірді, алайда кейіннен айғақтарынан бас тартты

Қыздың айтуынша, ол өгей әкесіне үй шаруасына байланысты ескерту жасағаны үшін кек алу мақсатында жалған айып таққан. "Еуразия" бірінші арнасының ақпаратынша, сот туыстарының дәлелдері мен тіпті зорлық-зомбылықтың ізін таппаған алғашқы сараптаманы ескерместен ер адамды 20 жылға соттады.
Бастапқы сараптама зорлау белгілерін таппағанымен, кейінгі қосымша сараптама зорлық белгілерін анықтады. Алайда, қыздың анасы бұл сараптама нәтижелеріне сенбейді және дәлел ретінде ұсынылған іш киімнің қызына тиесілі емес екенін мәлімдеді.
Тергеу кезінде күдікті инсульт алды. Үкімді жариялау кезінде ол мүгедектер арбасында отырған. Өз кезегінде, ер адам кінәсін мойындамады.
Бұған дейін Ақтөбеде екі зейнеткерді өлтіріп, бір әйелді кепілде ұстаған күдіктінің ісі сотқа жолданғандығы хабарланған болатын.