Алматыда шетелдіктердің заңсыз еңбек қызметі тоқтатылды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2025 12:21 Фото: Zakon.kz
Алматы қаласы Түрксіб аудандық полиция басқармасы көші-қон қызметінің қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзуды тоқтатуға бағытталған рейдтер барысында заңсыз жұмыс істеп жүрген 15 шетел азаматын анықтады.

Тексеру көрсеткендей, шетелдіктерді жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жеке компания жалдаған. Көші-қон режимін бұзушылардың барлығы ПД-ның қабылдап-таратуына орналастырылды.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалануды ұйымдастырған жұмыс берушілерді анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстарын жалғастыруда.

"Біздің басты міндетіміз – заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалану заңды бұзып қана қоймай, қауіп төндіреді. Рейдтік шаралар тұрақты түрде жалғасатын болады", – деді, Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: