Алматыда аптап ыстық болады

"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша, елордада күн күркіреп жауған жаңбырдан кейін аптап ыстық азаяды. Алматы мен Шымкентте жауын-шашын күтілмейді.
Астана қаласының ауа райы болжамы
14 мамырда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз желдің екпіні секундына 7-12 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +31+33°С.
15 мамырда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде +15+17°C, күндіз өте ыстық +33+35°C.
16 мамырда: құбылмалы бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +26+28°С.
Алматы қаласының ауа райы болжамы
14 мамырда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +30+32°С.
15 мамырда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +32+34°С.
16 мамырда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз өте ыстық +34+36°С.
Шымкент қаласының ауа райы болжамы
14 мамыр: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +35+37°С.
15-16 мамыр: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні секундына 10 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз өте ыстық +38+40°С.
Бұған дейін еліміздің оңтүстігі 44 градус аптап ыстықтың құрсауында болатыны белгілі болған еді.