Қазақстандықтар Құрбан айтта қанша күн демалатыны белгілі болды

Қазақстанда 2025 жылы мұсылман күнтізбесі бойынша Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымда тойланады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еңбек кодексіне сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні демалыс күні болып табылады.
Нәтижесінде маусым айында қазақстандықтар тағы бір күн – 6 маусымда демалады.
Яғни бес күндік жұмыс аптасында да, алты күндік жұмыс аптасында да қызметкерлер жұмыс істемейді.
Жалпы маусымда:
- бес күндік жұмыс аптасында – 20 жұмыс күні және 10 демалыс күні;
- алты күндік жұмыс аптасында – 24 жұмыс күні және 6 демалыс күні.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript