ҚМДБ 6 маусымды Құрбан айттың бірінші күні деп жариялады

Мусульманство, мусульманская вера, ислам, мусульмане, мечеть, молящиеся люди, рамадан, священный месяц, рамазан, Курбан Айт, Курбан-байрам, мусульманский праздник, намаз, молитва в исламе, время намаза, ораза, ураза, мусульманский пост, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2025 15:54 Фото: Zakon.kz
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) 2025 жылдың 6 маусымын Құрбан айттың бірінші күні деп жариялады. Сондай-ақ ресми мәлімдемеде исламда қасиетті күндер, түндер мен айлар ай күнтізбесі бойынша белгіленетіні айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әрі қарай жаңа ай жаңа айдың (хиләл) пайда болуымен басталатыны атап өтіледі. Айдың кейде 29 немесе 30 күні бар.

"Бүгін һижри жыл санауы бойынша зул-хижжа айы басталды. Яғни Арапа күні биыл 5 маусымға сәйкес келеді. 6 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні. Ислам дінінде қасиетті күндер, түндер және айлар қамари жыл санауы негізінде анықталады. Мұндай жыл санақ ай фазасының өзгеруіне қарай есептеледі. Жаңа айдың (һиләлдың) көрінуімен жаңа ай басталады. Қамари ай кейде 29 не 30 күн болады." Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

Зулхижжа айын анықтау үшін зул-қағда айының 29-нда айды бақылайды. Күн батқан кезде жаңа ай көрінсе, келесі күні зул-хижжа айы басталған болып саналады. Егер ауа бұлтты болып, ай көрінбесе, зул-қағда айын 30 күнге толықтырады. Осыған орай, 2025 жылы 27 мамырда жаңа айдың көрінуіне байланысты биыл зұлхижжа айы 28 мамырда басталып, арапа 5 маусымға, ал құрбан айт 6 маусымға сай келеді.

Зулхижжа айының алғашқы он күнінде барынша ықыласпен ғибадат етіп, көбірек ізгі істер мен жақсы амалдар жасауға тырысу керек. Өйткені, хадистерде сол уақытта орындалған игі істердің сауабы еселеніп жазылатыны айтылған.

Ал арапа күні ораза тұту – сүннет. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Арапа күні ораза ұстау арқылы Алладан өткен және келесі жылдың күнәсін кешіруді үміт етемін", – деген.

Құрбан айт намазынан кейін үш күн ішінде жағдайы келген мұсылманға құрбандық шалу – міндет. Алла Тағала қасиетті Құранда: "Раббыңның разылығы үшін намаз оқы және құрбандық шал" ("Кәусар" сүресі, 2-аят) деп бұйырған.

"Алла Тағала елімізге амандық, жұртымызға тыныштық бергей. Ізгі ниетпен шалатын құрбандығымыз, қажылық сапарында жүрген отандастырымыздың қажылығы қабыл болғай. Әмин!" Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: