Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне байланысты мәлімдеме жасады

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2025 13:18 Фото: akorda.kz
2025 жылы 17 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толады. Осыған байланысты Ақорданың баспасөз қызметі маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 15 мамырдағы ресми мәлімдемеге сәйкес:

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне байланысты салтанатты іс-шаралар жоспарланбаған. Президент туған күнін атап өтпейді."

2020 жылы Берік Уәли мемлекет басшысы "бұл күнді тойлауды ұнатпайды, өйткені оның отбасында балаларының да, ата-анасының да туған күнін тойлау дәстүрі болмаған", – деген болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматыда дүниеге келген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: