Елорда әкімдігі жабық көшелердің тізімін жариялап, олардың қашан ашылатынын айтты

Астана қаласының әкімдігі 2025 жылғы 16 мамырдағы жолдарды жөндеу бойынша ағымдағы жағдай жайлы ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Толығымен жабылған көшелер:
- 20 сәуірден 20 тамызға дейін – Бұқар Жырау көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан Қ.Қайсенов көшесіне дейінгі учаскесінде (кварталішілік жолдармен баламалы қозғалыс ұйымдастырылады);
- 9 сәуірден 30 тамызға дейін – Күйші Дина көшесі Мирас мектебінен М.Жұмабаев даңғылына дейін;
- 29 сәуірден 30 тамызға дейін – Ж.Молдағалиев көшесі Е-41 көшесінен Е-32 көшесіне дейін (Қозғалыс балама көшелер мен кварталішілік жолдармен ұйымдастырылған);
Ішінара жабылған көшелер:
- 11-17 мамыр аралығында – Ш.Айтматов көшесі Ж.Молдағалиев көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);
- 10-20 мамыр аралығында – Аркар көпірі (М1) (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);
- 9-17 мамыр аралығында – М.Жұмабаев даңғылы Б.Момышұлы даңғылынан Балқантау көшесіне дейін (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);
- 1 мамырдан 1 тамызға дейін – Ш. Бейсекова көшесі мен Н.Тілендиев даңғылының қиылысындағы көлік айырбасы (қозғалыс екі бағытта да 6 жолақты жолмен уақытша ұйымдастырылған);
- -14-17 мамыр аралығында – Ұлы Дала даңғылы Қабанбай батыр даңғылынан Мәнгілік Ел даңғылына дейінгі учаскеде (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);
- -14-22 мамыр аралығында – Домалақ ана көшесі Қорғалжын тас жолынан Қ. Мұхамедханов көшесіне дейінгі учаскеде (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);
- 15-20 мамыр аралығында – Тәуелсіздік даңғылы Қажымұқан көшесінен Күйші Дина көшесіне дейінгі учаскеде (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);
- 12-17 мамыр аралығында – Фахт бен Абдул Азиз көшесі К.Байсеитова көшесінен Ш. Бейсекова көшесіне дейін (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген).
Бұған дейін БҚО-да "Семей" күзет кемесі жолға шыққандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript