Астаналықтарға көшелердің біріндегі жол шектеулері туралы ескертілді

Ремонт дорог, ремонт дороги, дорожно-ремонтные работы, дорожные работы, ремонтные работы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2025 09:33 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарына А. Пушкин көшесінен "Социум" ТК-не апаратын жолдың орташа жөндеу бойынша жұмыстардың жүргізілетіні туралы ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, осыған байланысты, ағымдағы жылғы 21 мен 23 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Алматыда жантүршігерлік апат болып, екі адамның көз жұмғандығы жайлы жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: