Алматыдағы Абай даңғылы уақытша жабылып, көлік қозғалысы шектеледі

Укладка асфальта, асфальтирование дорог, ремонт дорог, ремонт дороги, рабочие, асфальтоукладчики, машины для укладки асфальта, техника для дорожных работ, дорожно-ремонтные работы, дорожные работы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2025 11:17 Фото: Zakon.kz
Алматыда Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Бұл туралы 2025 жылдың 20 мамырында Алматы қаласының әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, асфальтобетон жамылғысының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарына байланысты 20 мамыр күні сағат 23:00-ден бастап 23 мамыр күні сағат 16:00-ге дейін Абай даңғылының Алатау көшесінен Строительная көшесіне дейінгі бөлігі бойынша көлік қозғалысы шектеледі. Аумақты Алатау көшесі арқылы солтүстік және оңтүстік бағытта айналып өтуге болады.

Сонымен қатар, 22 мамыр сағат 23:00-ден 27 мамыр сағат 16:00-ге дейін Қ.Медеубеков көшесі (Карьерная көшесі) қиылысындағы қозғалысқа шектеу қойылады.

"Бұл учаскені оңтүстік жақтан У.Қараманов, Грушовая, Виноградов көшелері арқылы, сондай-ақ, Строительная көшесімен солтүстік және оңтүстік бағытта айналып өтуге болады." Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Естеріңізе сала кетейік, Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту жобасы осы жылы толық ашылады деп жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 600 метрлік соңғы бөлік бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жалпы ұзындығы – 5,3 км.

Айта кетейік, қозғалысты шектеу туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, қала әкімдігінің әлеуметтік желілерінде, сонымен бірге 2GIS және "Яндекс.Карталар" сервистерінде жарияланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: