Ішкі істер министрлігі балалар лагерлерін осал нысандар қатарына қосуды ұсынып отыр

Детский лагерь, летний лагерь, лагерь для детей, лагерь для подростков, лагерь для школьников, школьные каникулы, летние каникулы, подростки, школьники, дети, верховая езда, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2025 11:29 Фото: Zakon.kz
2025 жылдың 20 мамырдағы үкімет отырысында ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов алдағы жазғы кезеңде балалар лагерлерінде қауіпсіз демалуды қалай қамтамасыз ету керектігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ішкі істер министрі бүгінге дейін балалар лагерлері міндетті қорғауға жататын объектілердің аумақтық тізімдеріне енбегенін атап өтті.

"Осыған сәйкес, оларды қорғауды қамтамасыз етудің нақты критерийлері жоқ. Білім министрлігі мен облыс әкімдеріне оларды тізімге енгізуді тапсыру ұсынылды. Өз кезегінде Ішкі істер министрлігі лагерь қызметкерлерін тексеруді, учаскелік инспекторларды тағайындауды және балаларды ұйымдасқан түрде тасымалдауға қолдау көрсетуге дайын", – деп қосты Сәденов.

Сондай-ақ, Білім министрі Ғани Бейсембаев республика бойынша 3,2 миллион бала жазғы демалысын 10 мыңнан астам балалар сауықтыру орталығында өткізетінін хабарлады.

Бұған дейін Білім министрлігі Қазақстан мектептерінде аттестат тапсыру мерзімін жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: