Алматы әуежайы автотұрақтағы шектеулер туралы ескертті

Алматы әуежайы автотұрақтағы шектеулер туралы ескертті, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2025 17:15 Сурет: Zakon.kz
Алматы халықаралық әуежайының әкімшілігі жолаушылар мен қонақтарға жөндеу жұмыстары жүргізілетіні туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 23 мамырдан бастап ішкі рейстер терминалы (Т1) алдындағы автотұрақ орындарын жаңарту және асфальт төсенішін ауыстыру жұмыстары басталады.

"Жөндеу жұмыстары туристік полициядан бастап пандусқа кіреберіске дейінгі аумақты, сондай-ақ бас кіреберістен пандусқа дейінгі жүретін жолды қамтиды", - деп хабарлады Алматы халықаралық әуежайы.

Жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі.

"Жөндеу кезінде автотұрақ аймақтарының кейбір бөліктері уақытша жабылады", - делінген хабарламада.

Барлық жөндеу жұмысы маусым айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: