Астана әуежайы жолаушыларға маңызды ескерту жасады

Аэропорт в Алматы, аэропорт Алматы, алматинский аэропорт, международный аэропорт Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2026 13:27 Фото: akorda.kz
Астана халықаралық әуежайы 2-терминалда жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетіні туралы жолаушыларға ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуежай әкімшілігінің мәліметінше, 2026 жылғы 13 шілдеде сағат 13:00-ден 17:00-ге дейін мамандар автоматты өрт дабылы жүйесінің датчиктеріне техникалық қызмет көрсетіп, оларды тазалайды.

Осыған байланысты көрсетілген уақыт аралығында өрт дабылы жүйесінің қысқа мерзімді іске қосылуы мүмкін.

Әуежай әкімшілігі жолаушылардан, қызметкерлерден және жалға алушылардан жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды және терминалда болған кезде бұл ақпаратты ескеруді сұрады.

Сондай-ақ әуежай уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: