Алматы облысында 1,5 тонна қоқыс жиналды

Алматы облысында "Таза Қазақстан" ұлттық жобасы жалғасып жатыр.
Қараой ауылының орталық саябағында экологиялық акция ұйымдастырылып, 70-тен аса адам демалыс орнын күл-қоқыстан тазартты.
1,5 тоннаға жуық қоқыс арнайы техникамен сыртқа шығарылды. Жалпы, жыл басынан бері тазалық шараларының нәтижесінде 476 тоннадан астам қоқыс жиналған, деп жазады qazaqstan.tv.
Ұйымдастырушылар мұндай игі шараны әр бейсенбі ұйымдастырады.
"Таза Қазақстан" акциясының бізге мәні өте зор. Болашақ ұрпаққа енді, өскелең ұрпақ осы біздің атқарып жатқан жұмыстарымызды көргеннен кейін осыдан тәлім тәрбие алады ау деген ниеттен осындай акцияларды біз жиі өткізудеміз. Алмасбек Сатибаев "Amanat" партиясы іле аудандық филиалының төрағасы
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript