"Нұр Жолы" – "Қорғас" өткізу пункттері 2026 жылғы 30 маусымға дейін тәулік бойы жұмыс істейді

2025 жылғы 23 мамырда "Нұр Жолы" (ҚР) – "Қорғас" (ҚХР) өткізу пункттерінде Қазақстан мен Қытай делегацияларының бірлескен жұмыс сапары өтті. Бұл жайлы бүгін, 26 мамырда Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сапар аясында келесі нақты шешімдер қабылданып, уағдаластықтар жасалды:
- "Нұр Жолы" – "Қорғас" өткізу пункттерінің тәулік бойы жұмыс істеу режимін 2026 жылғы 30 маусымға дейін ұзарту;
- Қытай тарапының Қазақстаннан келетін автокөлік құралдарын қабылдау көлемін ұлғайту:
- "Нұр Жолы" өткізу пункті арқылы – қазіргі таңда тәулігіне 650 АТС қабылдануда, 1 шілдеден бастап бұл көрсеткіш 750 АТС болады, ал қыркүйек айында – 1000 АТС дейін арттырылады;
- "Қалжат" өткізу пункті арқылы – тәулігіне 130 АТС-тен 250 АТС-ке дейін артты, маусым айында 300 АТС-ке дейін ұлғайтылады;
- 2025 жылғы мамыр айының соңына дейін Қытай тарапының "Дулаты" өткізу пунктінде қосымша мобильді инспекциялық-байқау кешенін (МИДК) іске қосу;
- 2025 жылғы қыркүйектің соңына дейін "Қорғас" өткізу пунктінде тұрақты инспекциялық-байқау кешенін орнату;
- Инспекциялық-байқау кешендерінің рентгендік кескіндерін өзара тану жөнінде келісімге қол жеткізілді, бұл қайталап тексеру уақытын қысқартып, шекарадан өту үдерісін жеделдетеді;
- "Қорғас" ХШСО арқылы тасымал ағындарын оңтайлы бөлу жоспарлануда, бұл "Нұр Жолы" өткізу пунктіндегі жүктемені азайтуға және тасымал қозғалысын теңгерімді бөлуге мүмкіндік береді;
- "Нұр Жолы" – "Қорғас" өткізу пункттерінде қозғалыс жолақтары мен шекаралық көпірді кеңейту мәселесі екі тараппен бірлесіп қаралуда;
Сондай-ақ, шекара маңындағы кеден қызметтері деңгейінде ай сайынғы отырыстар және Қазақстан-Қытай кеден органдарының үйлестірушілерінің тоқсан сайынғы кездесулерін өткізу келісілді.
Бұған дейін Алматы көшелерінің бірі жартылай бір жақты қозғалысқа көшкендігі хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript