Kaspi.kz "Қазақстанда жасалған!" атты жаңа жобасында әйгілі қазақстандықтар туралы баяндайды

Kaspi.kz «Қазақстанда жасалған!» атты жаңа жобасында әйгілі қазақстандықтар туралы баяндайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2025 16:55 Сурет: Kaspi.kz
Қазақстандық технологиялық компаниясы отандастарымыз мақтан тұтатын және бүкіл әлемдегі адамдар тамсанатын әйгілі қазақстандықтар туралы "Қазақстанда жасалған!" жаңа бейнежобасын бастайды. Алғашқы кейіпкер – аралас жекпе-жектен чемпион Шавкат Рахмонов.

Шавкат өміріндегі барлық жетістікке өз еңбегімен жетті. 16 жасында отбасына көмектесу үшін жүк тиеуші болып жұмысқа орналасқан. Ол кезде анасы төрт баламен Қарағандыда бір бөлмелі шағын пәтерде тұратын. Жас жігіт спортшы болуды армандайтын және ауыр жұмыс ауысымынан кейін күнде кешке жаттығуға баратын. Бүгінде Шавкат – ең табысты қазақстандық аралас жекпе-жек шебері және UFC -дегі аты аңызға айналған адам.

"Мен үшін Қазақстанның туын көтеру үлкен абырой! Маған күш беретін – отбасым, халқым, отандастарымның қолдауы. Әрине, спорттағы әр жеңісім – үлкен еңбектің нәтижесі. Kaspi-дің көшбасшы болуы да, сондай орасан еңбектің нәтижесі. Kaspi алдына қойған мақсатына жетуге ұмтылады, адамдар үшін ыңғайлы сервистер жасайды. Ал мен халқымның рухын көтеріп, қазақстандықтарды өз жеңісіммен қуантып келемін. Бізді біріктіретін ортақ мақсаттар көп!" Шавкат Рахмонов, аралас жекпе-жек чемпионы

"Қазақстан – ерекше тарихы бар, таланттарға бай ел. Белгілі спортшылар, музыканттар, компаниялар Қазақстанның даңқын әлемге танытып жүр. Әр адам табысқа жету үшін көп күш-жігер жұмсап, аянбай еңбек етеді, сынақтардан сүрінбей өтіп, алға ұмтылады. Олар нағыз мықты тұлғалар, бірақ оларға бұдан да биік белестерді бағындыру үшін қолдау, махаббат, ынталандырушы күш қажет. Сондықтан біз осындай батырлар туралы көбірек айтуды жөн көрдік. Солардың бірі – Шавкат Рахмонов. "Бұл біздің бірегей спортшымыз, оны бәріміз мақтан тұтамыз және оған алдағы уақытта жеңіс тұғырынан түспеуін тілейміз!", – деді Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе.

Шавкат Рахмонов – әлемге әйгілі атақты спортшы. Қазақстанда осындай ел мақтанышына айналған тұлғалар көп. Kaspi.kz жобасының келесі шығарылымдарында осындай қаһармандар туралы баяндайды.

Kaspi.kz туралы:

Kaspi.kz миссиясы – клиенттері мен серіктестерінің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен сервистерді жасау. Инновацияларының орталығында – елдегі ең танымал Kaspi.kz мобильді суперқосымшасы тұр. Оны Қазақстанда 15 миллионға жуық адам пайдаланады. Қосымшада елдегі жетекші электрондық сауда, төлем және қаржылық қызметтер шоғырланған.

Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы қазақстандықтар тегін жеткізу қызметімен бірге тиімді онлайн сауда жасап, комиссиясыз төлемдер мен аударымдар жасайды, жеке қаражатын басқарады, ұшақ пен пойыз билеттерін сатып алады, турлар рәсімдейді, ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.

Kaspi.kz кәсіпкерлерге арналған Kaspi Pay суперқосымшасын да әзірледі. Оны 700 мыңға жуық қазақстандық кәсіпкер пайдаланады. Kaspi Pay арқылы олар бизнесті дамытуға қаржы алады, төлем қабылдайды, жарнама кампанияларын іске қосады, салық төлейді, электрондық коммерция және жеткізу платформасына қосылып, тауарларын бүкіл ел аумағында сатады.

Гарвард бизнес мектебі Kaspi.kz туралы екі оқу материалын жазды. Бұл материалдар бойынша бірнеше жылдан бері магистратура студенттері білім алуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: