Павлодар облысында полицейлер иесіз жүрген жылқылар мен ірі қара малды анықтады

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2025 10:28 Фото: Zakon.kz
Тәртіп сақшылары Атамекен – Курчатов бағытындағы республикалық маңызы бар автожолдарда түнгі уақытта рейд жүргізіп, иесіз жүрген жылқылар мен ірі қара малды анықтады.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері жануарларды жолдан аластатып, арнайы орынға айдап, қауіпсіздік шараларын қолға алды.

Малдарын қараусыз жайғаны үшін Саты ауылындағы екі тұрғын жауапқа тартылып, оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Полиция ескертеді: мал иелері жануарларын қараусыз қалдырмауға міндетті. ҚР заңнамасына сәйкес, елді мекендер мен жол бойларында мал жаю арнайы бекітілген тәртіппен жүзеге асырылуы қажет. Иесіз жүрген малдар жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін.

Бұл өз кезегінде жүргізушілердің және жолаушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.

Тәртіп сақшылары тұрғындарды мал жаю ережелерін сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: