БҚО-да екі ер адам жергілікті тұрғыннан 1 млн теңгеден астам ақша бопсалаған

БҚО-да екі ер адам жергілікті тұрғыннан 1 млн теңгеден астам ақша бопсалаған, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2025 17:49 Сурет: polisia.kz
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жергілікті тұрғыннан ақша бопсалады деген күдікпен екі аудан тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, күдіктілер Теректі ауданының 29 жастағы тұрғынын қорқытып, одан 1 млн. теңгеден аса қаражат бопсалаған.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде күдіктілер анықталып, ұсталды.

Қазіргі уақытта бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру, сондай-ақ мүлкін тәркілеу түріндегі жаза көзделген.

Полиция азаматтарға құқыққа қайшы әрекеттерге тап болған жағдайда уақтылы құқық қорғау органдарына хабарласуды ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: