ШҚО тұрғыны досынан ірі мөлшерде қарызға ақша алып, қайтармаған: полиция күдіктіні анықтады

Өскемен қаласында көші-қон қызметінің қызметкерлері 25 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Ер адам танысынан пәтер жөндеуге деп 7,5 миллион теңге қарызға алып, кейіннен байланысқа шықпай, "ізін суытқан".
Жәбірленуші бұл туралы құқық қорғау органдарына арызданған. Күдіктіні іздеуге көші-қон қызметінің мамандары кірісті.
Бір тәулік ішінде оның қайда екені анықталып, ұсталып, әрі қарай тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілу үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді.
Қазіргі уақытта іс сот орындаушыларына беріліп, қарызды өндіру шаралары қолға алынды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript