Мерекелік демалыс күндері Астана мен Алматыда жаңбыр жауады

Дождь, дожди, осадки, ливень, ливни, зонтик, зонт, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2025 16:57 Фото: unsplash
2025 жылдың маусымында Құрбан айтта қазақстандықтар үш күн, атап айтқанда 6, 7 және 8-де демалады. «Қазгидромет» РМК синоптиктері Алматы, Шымкент және Астана қалаларының осы күндері ауа райының егжей-тегжейлі болжамын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

7 және 8 маусымда елорда мен Алматыда жаңбыр жауып, найзағай күтілсе, шымкенттіктердің жолы болмақ. Оларда бір күн ғана жауын жауады.

Астана

6 маусым: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз желдің екпіні секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 28-30 градус жылы.

7 маусым: құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Желдің екпіні – секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 25-27 градус жылы.

8 маусым: құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Күндіз бұршақ. Жел секундына 20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 23-25 ​​градус жылы.

Алматы

6 маусым: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 32-34 градус жылы.

7 маусым: құбылмалы бұлтты, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз желдің екпіні секундына 13 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 30-32 градус нөлден жоғары. 8 маусым: құбылмалы бұлтты, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Күшті жел күтілуде. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 28-30 градус нөлден жоғары.

Шымкент

6 маусым: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 35-37 градус жылы.

7 маусым: құбылмалы бұлтты, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Күндіз желдің екпіні секундына 20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 28-30 градус жылы.

8 маусым: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 31-33 градус жылы.

Бұған дейін метеорологтар жаздың алғашқы айындағы ауа райы туралы толық ақпарат берген болатын. Олардың болжамы бойынша, Қазақстанды маусым айы өте ыстық күтіп тұр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: