Қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді

Сейсмометр, сейсмология, сейсмологи, сейсмограмма, землетрясение, подземные толчки, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2025 09:47 Фото: wikimedia/Petr Brož (Czech Academy of Science)
2025 жылғы 11 маусымда таңертең қазақстандық сейсмологтар Алматының шығысында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 9:10-да тіркелді, оның ошағы Қытайда, Алматыдан 412 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің магнитудасы mb=4,3. Энергетикалық класс K=9,9. Тереңдігі h=8 км.

Сурет: kndc.kz

Қазақстанда жер асты дүмпулері сезілген жоқ.

7 маусымда Қырғызстанда жер сілкінісі болып, оны Алматы тұрғындары сезінді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: