Жылқы етінің 80 пайызы гормондар мен антибиотиктерден тұрады - сарапшы

Жылқы еті, гормондар, антибиотиктер, сарапшы, Мәжіліс, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2025 18:35 Сурет: pixabay
Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Ержан Сырғалиев 2025 жылғы 11 маусымда Мәжілісте барлық қазақстандық жылқы етінің 80%-ы гормондар мен антибиотиктерден тұратынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бірнеше күн бұрын халықаралық азық-түлік қауіпсіздігі күні өткенін еске салды. Сондай-ақ, ғалым халық қалаулыларын дәстүрлі мал шаруашылығында мал өсіру кезінде гормондар мен антибиотиктер көптеп қолданылатынына назар аудартты.

"Салдарынан Қазақстанда онкологиялық аурулар бойынша статистикалық көрсеткіш өте жоғары. Біз қазір бұл мәселені, өкінішке қарай, көтеріп жатқанымыз жоқ. Бірақ зерттеу барысында біз Қазақстанның барлық базарында тұрған еттерді гормондарға, антибиотиктерге қатысты талдау жүргіздік. Тіпті, жылқы еті деп атайтын дәстүрлі органикалық етіміздің 80%-ы гормондар мен антибиотиктен тұрады", - деді Ержан Сырғалиев.

Оның айтуынша, елімізде органикалық ауыл шаруашылығы бойынша жұмыстарды жандандыру қажеттілігі өте өзекті болып табылады.

Бұған дейін Ақтөбе облысында ірі-қарадан қауіпті вирус табылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: