Алматыда "Арыстан" базары сүріліп жатыр

 "Ақсай-4" шағынауданындағы жалпы көлемі 2000 шаршы метрден асатын базар соттың шешімімен сүріледі, деп мәлімдеді Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы., сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2025 10:34 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Ақсай-4" шағынауданындағы жалпы көлемі 2000 шаршы метрден асатын базар соттың шешімімен сүріледі, деп мәлімдеді Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы.

Бұрындары жоспардан тыс жүргізілген тексеру барысында "Арыстан" базарының бір бөлігі еш рұқсат құжаттарынсыз тұрғызылғаны анықталды. "Фирма Тигрохауд" ЖШС меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды

Анықталған жайттарға байланысты басқарма аудандық сотқа заңсыз тұрғызылған базар алаңдарын бұзу туралы талап арыз жолдаған еді.

2024 жылғы 1 наурызда сот ауданы базардың 2125,62 шаршы метр болатын бір бөлігін бұзу туралы шешім шығарды, 2024 жылғы 19 шілдеде Алматы қалалық соты бірінші шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен сүру жұмыстары басталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: