Өскеменде интернаттың ақшасын ұрлаған екі есепші сотталды

Деньги, тенге, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2025 14:43 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Өскемендегі дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы гимназия мектеп-интернатының қос есепшісі сотталды.

Олар 2017 жылдың қаңтар айынан 2024 жылдың тамызына дейін өзара алдын ала сөз байласу арқылы білім беру мекемесінен 145 миллионнан астам теңге ұрлағаны дәлелденді.

Сотталушылар өз кіналарын мойындады, деп жазады qazaqstan.tv.

Олар 8 жыл бойы ұрлаған ақшаларын мемлекетке толық қайтарады.

Дегенмен қылмыстық істі саралай келе судья қос есепшінің әрқайсысына 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сонымен қатар белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: