Алматыда автотұрақтардағы 67 заңсыз сауда нүктесі бұзылып жатыр

Алматыда автотұрақ аймақтарындағы заңсыз салынған нысандар мен жерді заңсыз басып алғандарды анықтау және жою жөнінде жүйелі жұмыс жалғасып отыр. , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2025 16:13 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда автотұрақ аймақтарындағы заңсыз салынған нысандар мен жерді заңсыз басып алғандарды анықтау және жою жөнінде жүйелі жұмыс жалғасып отыр.

"Алматы паркинг" КМК мәлімдегендей, ірі сауда орталықтарының автотұрақтарында сауда нысандары еш рұқсатсыз салынған.

Мониторинг барысында мұндай нысандарында сауданың заңсыз жүргізілгені, халық көп жиналатын сауда орындарындағы автотұрақ нысандарында адам өміріне қауіпті төндіретін газ баллондарының болғандығы анықталды. Ал бұл көлік тұрағы кеңістігін пайдалану шартына қайшы.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімі негізінде "Адем" сауда орталығының алдындағы автотұрақта орналасқан 30 заңсыз құрылым бұзылды. Сондай-ақ, сот "Ялян" сауда орталығында осыған ұқсас 37 сауда нүктесін алып тастау туралы қаулы шығарды. Сот орындаушылары шешімнің негізінде нысанды бұзу жұмыстарын бастады.

"Алматы паркинг" КМК мұндай шаралар тұрақ аймақтарын заңсыз салынған нысандардан арылтып, қауіпсіздікті күшейтетінін әрі автотұрақ кеңістігін ретке келтіретінін түсіндірді. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы.

Автотұрақтардағы заңсыз сауда нысандарды анықтау және жою жұмыстары жалғасып келеді, деді "Алматы паркинг" КМК мамандары. Азаматтар мен бизнес өкілдері автотұрақтарды пайдалану ережесін қатаң сақтауға тиіс.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: