Мемлекет басшысы "Дәулет" теннис орталығына барды

Елорда нысандарын аралау барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Дәулет" теннис орталығының қызметімен танысты., сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2025 12:35 Сурет: akorda.kz
Елорда нысандарын аралау барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Дәулет" теннис орталығының қызметімен танысты.

Кешенде 600 бала, олардың ішінде 85 оқушы бюджет есебінен жаттығады. Сондай-ақ мұнда 57 спорттық-сауықтыру тобы жұмыс істейді.

"Дәулет" орталығы – елордадағы балалар ең көп баратын, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар спортшыларды да қамтитын әлеуметтік-спорттық нысандардың бірі.

Биыл мамыр айында орталық базасында Азия құрлығында алғаш рет Virtus World Tennis Championship 2025 – ақыл-ой кемістігі бар спортшылар арасында теннистен әлем біріншілігі өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: