Жүкті әйелдерге жеңілдік: Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі маңызды жаңалық жариялады

Беременность, живот беременной, беременная, беременные, рождаемость , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2025 14:07 Фото: pexels
Қазақстанда әйелдер консультациясы қайтадан жұмысын бастайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл маңызды жаңалықпен бүгін, 2025 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бөлісті:

"Денсаулық сақтау министрлігі жүкті әйелдерге және гинекологиялық аурулары бар әйелдерге алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде медициналық көмек көрсететін амбулаторлық-емханалық қызметтердің бірыңғай блогына біріктіру арқылы Әйелдер консультациясы бөлімшелерінің жұмысын қалпына келтіруде. Бастаманың мақсаты – еліміздің әйелдер халқына медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру."

Әйелдер консультацияларының жаңартылған құрылымы мыналарды қамтиды:

  • бір күндік емханасы бар ұрықты қорғау орталықтары;
  • отбасын жоспарлау орталықтары;
  • түсік түсіретін бөлмелер;
  • көп бейінді топтың қатысуымен қауіпті жүктілікті және экстрагениталды ауруларды (ЕГД) басқару кабинеттері;
  • репродуктолог және балалар гинекологының кабинеттері.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі өліммен аяқталған екі жағдайдан кейін Жамбыл облысында ондаған емдеу кабинеттерінің жабылатынын хабарлаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: