Қазақ операсының өнерпазы әлемдік жетекші театрлардың біріне қабылданды

Отандық өнерпаз Әйгерім Алтынбек «Ла Скала» театры академиясының тағылымдамасына қабылданды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2025 10:07 Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақ опера әншісі Әйгерім Алтынбек опера өнері әлеміндегі ең беделді оқу орны – "Ла Скала" театрының академиясында тағылымдамадан өтеді. Бұл қуанышты жаңалықпен Zakon.kz сайтына Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бейнежазба арқылы өткен алдын ала іріктеуге 400-ден астам үміткер қатысқан. Олардың ішінен 12 үздік орындаушы таңдалып алынды. Солардың қатарында Қазақстанның атынан қатысқан Әйгерім Алтынбек те бар.

Опера әншісі Әйгерім Алтынбек – көптеген халықаралық вокалдық байқаулардың лауреаты.

Ол танымал композитор Джакомо Пуччинидің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық опера әншілері байқауында жеңімпаз атанды.

Сонымен қатар Италияның Модена қаласында өткен Николай Гяуров атындағы опера әншілерінің халықаралық байқауында үшінші орынды иеленді. Қазақстандық әнші атақты италиялық опера әншісі Мирелла Френидің арнайы сыйлығын алды. Әлемнің 470 қатысушысы қатысқан Рената Тебальди атындағы халықаралық вокал конкурсында өнерпаз екінші орынға ие болды.

25 маусымда әлемге әйгілі Хосе Каррерастың концерті өтеді. Осы кеште Әйгерім Алтынбек те бой көрсетеді. Концертте әлемдік опера ариялар шырқалып, танымал дуэттер өнер көрсетеді.

27–28 маусымында Италияның Неаполь қаласында Андреа Бочеллидің мерейтойлық концертіне қатысып, аты аңызға айналған тенормен бір сахнада ән шырқайды.

Бұл жетістік – оның білімге деген ұмтылысы мен кәсіби шеберлігінің жемісі. Сонымен қатар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жас таланттарды қолдауға бағытталған ауқымды жұмыстың нәтижесі. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: