Елімізде автобус жүргізушілеріне бақылау күшейді

Астанада болған жантүршігерлік автобус апатынан кейін, қоғамдық көлік жүргізушілеріне талап күшейген.
Енді рөлге отыру уақыты мен үзіліс кезі тахограф деп аталатын арнайы техникалық құралмен тексеріледі.
Бұл жүк және жолаушы таситын жүргізушілердің еңбек пен демалыс тәртібін бақылауға алу үшін қолға алынған шара.
Қатаң тексеріс 20 шілдеге дейін жалғасады, деп жазады qazaqstan.tv.
Көлікті басқарудың күнделікті ұзақтығы 9 сағаттан аспауы тиіс. Әр 4,5 сағаттан кейін – 45 минут үзіліс алу – міндетті.
Ереже сақталмаса, жүргізушіге – 10 АЕК, тасымалдаушыға – 5-тен 50 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript