Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның құрамы жаңартылды
Фото: senate.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі "Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияны құру туралы" өкімге өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатта Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның құрамы жаңартылды.
Оған мыналар кіреді:
- Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Төраға
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Төрағаның орынбасары
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі
- Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі, хатшы
- Қазақстан Республикасының Әділет министрі
- Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
- Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
- Қазақстан Республикасының Көлік министрі
- Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс министрі
- Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
- Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы (келісім бойынша)
- Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы (келісім бойынша)
- Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары (келісім бойынша)
- "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Бұйрық 20 маусымда күшіне енді.
Бұрын комиссия құрамында:
- Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі
- Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
- Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
- Қазақстан Республикасы Сот Әкімшілігінің Басшысы (келісім бойынша)
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript