Қазақстанда 40 жыл ішінде алғаш рет негізгі су объектісін тазарту басталды

Қазақстанда 40 жыл ішінде алғаш рет негізгі су объектісін тазарту басталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2025 11:08 Сурет: ҚР Су ресурстары және ирригация Министрлігі
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі бүгін, 2025 жылғы 26 маусымда жағымды жаңалықпен бөлісті. Атап айтқанда, Жамбыл облысында Фурманов айналма каналы 40 жылдан кейін алғаш рет тазартыла бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, бұл жұмыстар Түркістан облысының Созақ ауданына Шу өзенінің суын жеткізуді жақсарту мақсатында жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, тазалау жұмыстарын биыл аяқтап, канал арқылы су жіберу жоспарланып отырғанын да қоса мәлімдеді.

Фурманов айналма каналының өткізу мүмкіндігі – секундына 45-50 текше метр, ұзындығы – 120 шақырым. Нысан Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы Қылышбай, Құмөзек, Қарабөгет және Сарыөзек ауылдарының бойынан өтеді.

"Су ресурстары және ирригация министрлігі жыл сайын Тасөткел су қоймасынан Созақ ауданының экожүйесін қолдау үшін шамамен 200 млн текше метр су жібереді. Каналды тазарту су жіберудің тиімділігін арттырып, 40 жылдан бері алғаш рет оны өз мақсатына сай пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар канал бойындағы елді мекендердің суға қолжетімділігі жақсарады. Нысанда жүргізіліп жатқан жұмыстар министрліктің қатаң бақылауында", – деді ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов.

Бұған дейін марқұм әйел мен оның отбасы бірнеше қазақстандықтың өмірін сақтап қалғандығын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: